Бірінші сынып оқушысы Тоқаевқа хат жазып, Ақордаға келді
Сурет: akorda.kz
Жақында Астана қаласының тұрғыны, 1-сынып оқушысы Асылтас Саяділ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазып, Ақордаға барғысы келетінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Асылтас Ақорда резиденциясына экскурсияға арнайы шақырылып, басқа балалармен бірге ғимаратты аралап көрді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстанның барлық өңірінен 70-ке жуық оқушы Ақордаға танымдық экскурсиямен келген. Тіпті кейбір балаларға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың креслосын «киіп көруге» рұқсат етілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript