Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 13:32 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында жол апатынан зардап шеккен ұстаздар мен көлік жүргізушісінің жағдайы ауыр. Олар Қобда ауданынан санавияциямен облыс орталығына жеткізілді.

Естеріңізге салсақ, кеше Самара-Шымкент автожолында жол апаты болып, Оралдан Ақтөбе қаласына бара жатқан 4 адам қайтыс болған еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Тағы үшеуі әр түрлі дене жарақаттарын алған. «Лада Ларгус» маркалы көліктің 27 жастағы жүргізушісі «Даф» жүк көлігімен соқтығысқан. Жолаушылардың Орал қаласының мұғалімдері екені белгілі болды. Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірінен дипломдарын алуға келе жатқан.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен үш науқастың жағдайы ауыр. Екеуіне жедел түрде от жасалған.

"Бір науқаста қабырғалары сынған, оң жақ иық сүйегі сынған. Үшінші науқаста оң жақ балтыры сынған. Қазір бәрі реанимацияда.Ем алып жатыр, тағы тексеріледі, мамандар келеді қайтып." Жасұлан Орынбаев, травматолог-дәрігер

Облыста соңы қайғылы жағдайға алып келетін мұндай жол апаттары азаймай тұр. Жыл басынан бері 90-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 30 адам көз жұмған. Тағы 200-і әр түрлі дене жарақаттарын алған. Арнайы талдау жүргізген прокуратура өкілдері өңірде 1,5 мың жол белгісі, мыңнан астам бейнебақылау камерасы жетіспейтінін анықтаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: