Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары ұсталды

"ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары, сыбайлас жемқорлық, ҚР ҚМА, Жаңаөзен, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.06.2023 15:50 Сурет: pexels
Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевты лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ол ауыр салдарға алып келген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агнеттігінің 2 маусым күні таратқан мәліметі бойынша,  Мәмбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірнеше танысын "Өзен Мұнай Газ" АҚ-на заңсыз кіргізген.

Компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғыны кезекте тұрғанын атап өту қажет.

"Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағанын, тиісті мамандыққа біліктілігі сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегенін Мәмбетсапаев жақсы білгенін тергеу анықтады".Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Мәмбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан.

"Тергеу Бауыржан Мәмбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттерін, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің, бюджеттік қаражатты жымқыру фактілерін тексеріп жатыр".Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: