"ӨзенМұнайГаз" АҚ директорының орынбасары сотталды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2024 19:05 Сурет: Zakon.kz
Ақтау сотында "ӨзенМұнайГаз" АҚ директорының орынбасарына қатысты қылмыстық істі қарады. Тергеу органы оны салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан және аса ірі мөлшерде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген деп айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жауапкер К., "ӨМГ" АҚ директорының мұнай және газ өндіру жөніндегі орынбасары, сонымен қатар аталған кәсіпорынның конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұра, бұрғылау жұмыстарына тендер өткізу кезінде ол белгілі бір компанияның мүддесін қорғап, басқа компанияға зиян келтірген.

"Жауапкер К. "К" ЖШС жеңімпаз деп танылған 2023 жылғы 20 наурыздағы тендер қорытындылары туралы хаттаманың күшін жоймай, 2023 жылғы 29 наурызда дәл сол лоттар бойынша тендер өткізу туралы заңсыз шешім қабылдаған. К. өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, "А" ЖШС-нің өтініші әлеуетті өнім берушілердің талаптарына сәйкес келмейтінін біле тұра, өз өкілеттіктерін "А" ЖШС-нің мүдделерін қолдау мақсатында пайдалана отырып, 2023 жылғы 29 наурызда қайталама жиналыс өткізіп, нәтижесі бойынша барлық 4 лот "А" ЖШС аукциондарына жіберу туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық соты.

Конкурс қорытындысы бойынша бағаны барынша төмендеткен "А" ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Осылайша, қызметтердің жалпы құны 2,7 млрд теңгеден астам сомаға төмендетілген.

Сонымен қатар, жауапкер К., "ӨМГ" АҚ мен "АМСК" ЖШС арасында жасалған сорғы және компрессорлық құбырларды жалға беру туралы шарт талаптарының орындалуын тексермей және қадағаламай, орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып, 21 749 456 млн.теңге сомасындағы жалдау ақысын төлеуден ұстау шараларын қолданбай салғырттық танытқан.

"Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, кепіл хаттарымен, атқарылған жұмыс туралы анықтамалармен, шот-фактуралармен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді".

Прокурор К-ны жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстардың жиынтығын негізге ала отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.

Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кішкентей балаларының болуын және тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орындарынан оң мінездемесін ескерді.

Жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде, қызметтік бапта және шартта көрсетілген сенімді пайдалана отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны танылды.

Сот үкімімен К. ҚК-тің 371- бабының 2-бөлігі, 365-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, 58- бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны  өмір бойы мұнай-газ саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: