Азия чемпионатында қазақстандық гимнастшылар екі күміс жүлдеге ие болды
Сурет: Instagram/drs_kz
Филиппин астанасы Манилада көркем гимнастикадан жекелей және командалық көпсайыс бәсекелері аяқталды. Қазақстаннан барған гимнастшылар қос күмісті қанжығаға байлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жекелей сында Эльжана Таниева күміске ие болды. Алтын медаль Өзбекстан, қола жүлде Қытай спортшысына бұйырды. Біздің тағы бір гимнастымыз Айбота Ертайқызы 5-орын иеленді.
Командалық сайыста Эльжана Таниева, Айбота Ертайқызы және Милана Парфилова жекелей өнер көрсетіп, ал Айдана Шаяхметова, Әсел Шүкірбай, Аяулым Кәдір, Аружан Қасенова, Аружан Қалсаева және Ақсұңқар Әбдірахман топтық жаттығуларда бақ сынап, екі нәтижені қосқанда Қазақстан құрамасы тұғырдың екінші сатысына көтерілді.
Өзбекстан құрамасы бірінші, Қытай командасы үшінші орында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript