Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында алғаш рет жүлдегер атанды

Көркем гиманстикадан Азия чемпионаты, Қазақстан құрамасы, гимнастика Сурет: Instagram/drs_kz
Сингапурда өтіп жатқан көркем гимнастикадан 10-Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды. Бұл біздің Ұлттық құраманың сары құрлық чемпионатындағы осы уақытқа дейінгі алғашқы жүлдесі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы командалық есепте алтын медаль Қытай гимнастшыларына бұйырса, күміс жүлдені Жапония құрамасының өкілдері иеленді. Бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесі, деп мәлімдеді Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үшінші орын қазақстандық гимнастшыларға күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алуға жол ашты.

Көркем гиманстикадан Азия чемпионаты, Қазақстан құрамасы, гимнастика

Сурет: Instagram/drs_kz

Жүлде алған команда сапында Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: