Жетісу облысында полицейлер мас жүргізуші мінген көлікті оқ атып тоқтатты

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2023 09:34 Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысында полицейлер мас жүргізуші мінген көлікті оқ атып тоқтатты. Оқиға Текелі қаласында болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 маусымда облыстық батальонның патрульшілері Mitsubishi Delica автокөлігін ұстады.

Көлікті мас күйінде 24 жастағы ер адам айдап келе жатқан. Көлік жүргізушісі тоқтату туралы талапқа бағынбай, үлкен жылдамдықпен жасырынуға тырысқан.

Полицейлер ауыр зардаптарға жол бермеу үшін қару-жарақ қолданып, табельдік Макаров тапаншасынан оқ атып, оны тоқтатуға мәжбүр етті.

Ұсталған адам мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының заңды талабына бағынбағаны үшін жауапқа тартылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: