Жаңалықтар тізбегі
0

Ертең кей өңірде 41 градусқа дейін ыстық болады

жаз, ыстық, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2023 16:18 Сурет: pixabay
Ертең, 5 маусымда елдің кей өңірінде 41 градусқа дейін ыстық болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері осыған байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жео соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында 41 градус өте қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың шығыс жартысында төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан 15-20 м/с соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады.

Павлодар облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық болады және төтенше өрт қаупі бар. 

Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстік батысында төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 

Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: