Ертең 10 өңірде екпінді жел мен шаңды дауылға байланысты ескерту жасалды

жел, көктем, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2023 22:18 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 13 сәуірде республиканың 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22 м/с. 

Маңғыстау облысының шығысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.

Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 25 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ұлытау облысында батысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: