Ертең республиканың 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қыс, жаяу бұрқасын, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 22:15 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері ертең, 27 қаңтарда республиканың 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. 

Астанада жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысында тұман болады.

Павлодар облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 

Абай облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, мұнда да екпіні 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: