Қазақстан мұнай өндіруді өз еркімен қысқарту мерзімін 2024 жылдың соңына дейін ұзартады

ОПЕК+ мұнай өндіруге шектеу қойған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 09:00 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды 2024 жылдың соңына дейін ұзартады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


"Қазақстан сәуір айында ерікті қысқартулар туралы жариялаған ОПЕК+ мүше елдерімен келісім бойынша алдын алу шарасы ретінде 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін 78 мың баррельге ерікті қысқарту мерзімін ұзартады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, ведомство мұнай өндірудің бұл қысқаруы 4 маусымда өткен ОПЕК+ министрлерінің 35-ші отырысында келісілген өндірудің қажетті деңгейінен есептелетінін атап өтті.

Бұған дейін ОПЕК+ мұнай өндіруге шектеу қойған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: