Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық регбишілер Голландияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Регби, Голландия, "Алматы" клубы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 11:33 Сурет: Instagram/drs_kz
Регбиден Қазақстанның әйелдер құрамасы Нидерланды астанасында өткен Amsterdam Sevens халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық әйелдер құрамасы барлығы 7 ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Жеңілген командалар тізімінде Латвия мен Нидерландының жоғарғы дивизионының клубтары бар. Айта кетейік, өткен жылы да қыздарымыз бұл жарыстара кіл мықтының қатарынан көрінді, ол жолы кейін финалда Польша құрамасын 12:7 есебімен ұтқан болатын.

Сондай-ақ 2019 жылы бұл турнирдің финалында "Алматы" клубы Аустралияның "Рэндвик" командасын 14:12 есебімен ұтқан еді.

Регби, Голландия, , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 11:33

Сурет: Instagram/drs_kz

Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі, алғашқы турнир 1972 жылы өткен. Жарыстың ерекшелігі – ұлттық құрамалармен кез келген кәсіпқой клуб қатыса алады. Әр команда кемінде 5 ойын өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: