Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық регбишілер Португалиядағы турнирде үздік атанды

7 –Algarve Sevens, регби, Португалия, Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 11:38 Сурет: pixabay
Португалияның Альгарве қаласында регбиден IV халықаралық 7-Algarve Sevens турнирі аяқталды, онда Қазақстан әйелдер құрамасы чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық қыздар "В" тобында өнер көрсетіп, алдын ала кезеңде өткен үш кездесуде қарсыластарын ірі есеппен ұтты. Одан кейін ширек финалда ағылшындық Sketty Hoops клубын 48:5, одан кейін жартылай финалда Португалия құрамасын 36:5 есебімен ұтты.

7 –Algarve Sevens, регби, Португалия, Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 11:38

Сурет: Instagram/drs_kz

Ал соңғы табанды ойында қазақстандық регбишілер  Landes sevens (Франция) командасын ұтты – 14:12.


Algarve Sevens – биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған беделді халықаралық турнир. Жыл өткен сайын оған қызығушылық танытатын командалар мен клубтар саны артып келеді. Биылғы жылы португалиялық жарысқа ерлер мен әйелдерді қосқанда 60 команда келді.


Бұл Қазақстан регби командасының осы айдағы қатарынан екінші жеңісі. Осыдан 10 күн бұрын спортшыларымыз Голландияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: