Қазақстандық регбишілер Голландияда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
![Регби, Голландия, "Алматы" клубы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 11:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-23c0aa23-781c-40dc-bf94-3bebd03559ab/800x450.webp)
Қазақстандық әйелдер құрамасы барлығы 7 ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Жеңілген командалар тізімінде Латвия мен Нидерландының жоғарғы дивизионының клубтары бар. Айта кетейік, өткен жылы да қыздарымыз бұл жарыстара кіл мықтының қатарынан көрінді, ол жолы кейін финалда Польша құрамасын 12:7 есебімен ұтқан болатын.
Сондай-ақ 2019 жылы бұл турнирдің финалында "Алматы" клубы Аустралияның "Рэндвик" командасын 14:12 есебімен ұтқан еді.
![Регби, Голландия, , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 11:33](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-15813cd5-b81d-4f2e-b38b-1533dc0a2fce/800x450.webp)
Сурет: Instagram/drs_kz
Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі, алғашқы турнир 1972 жылы өткен. Жарыстың ерекшелігі – ұлттық құрамалармен кез келген кәсіпқой клуб қатыса алады. Әр команда кемінде 5 ойын өткізеді.