Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ каратэшілері алғаш рет Азия чемпионатында үздік атанды

Қазақ каратэшілері алғаш рет Азия чемпионатында үздік атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2023 11:16 Сурет: Instagram/drs_kz
Малакка қаласында (Малайзия) WKF каратэден ерлер мен әйелдер арасында XIX Азия чемпионаты аяқталды. Онда Қазақстан құрамасы тамаша өнер көрсетіп, бірінші рет жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, WKF каратэден 2023 жылғы Азия чемпионатына 31 елден 400-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын 19 каратэші қорғады. Жарыстың соңғы күні қатысушылар "кумите" бағдарламасы бойынша командалық есепте жүлделі орындарды сарапқа салды.

Бұл тәртіпте Қазақстанның ерлер құрамасы шешуші кездесуде Иран өкілдеріне есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Осы жеңіліске қарамастан, медальдық есепте жалпы көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы бірінші рет жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Каратэшілеріміздің үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдесі бар.

Бұл спорттың негізін қалаған Жапониядан келген шеберлер бұл жолы екінші орынды қанағат тұтты: үш "алтын", үш "күміс" және екі "қола". Ирандық каратэшілер үшінші қатарда (3-2-7).

Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқ атудан 2023 жылғы әлем чемпионатында үздік бестікке кірген еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: