Қазақстандық жасөспірім теннисшілер алғаш рет Азия чемпионы атанды

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 08:55 Сурет: ktf.kz
Елордада 12 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия командалық чемпионат өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада 12 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия командалық біріншілігі мәресіне жетті.

Қазақстандық ұлдар (капитаны Сергей Квак) финалда Таиланд құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Чемпиондық мәселе соңғы, жұптық бәсекеде шешілді. Роберт Каминский мен Гиорги Брегвадзе Дарма Антаратон - Три Срисеннен басым түсті - 7:5, 6:3.

Осылайша, қазақстандық ұлдар өз тарихында алғаш рет чемпиондық тұғырға көтерілді. Қыздар құрамасы финалда Таиланд құрамасына жол берді - 0:3.

Айта кетсек, осыған дейін қазақстандық қыздар 2019 және 2021 жылдары чемпион атанса, ұлдар 2019 жылы қола, өткен жылы күміс жүлдеге ие болған еді.

Сурет: ktf.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: