Дина Исламбекова екі нокдаунмен Азия чемпионы атанды

Дина Исламбекова екі нокдаунмен Азия чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2026 13:29 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында әйелдер арасындағы 2026 жылғы бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Дина Исламбекова тамаша өнер көрсетіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде үндістандық Алфия Патханмен кездесті.

Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ Исламбекова басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға түсірді.

Үшінші раундта ол сәтті комбинациясын қайталап, төреші тағы да есеп ашты. Нәтижесінде, Дина Исламбекова Азия чемпионы деп жарияланды.


Осылайша, ол Қазақстан әйелдер құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Надежда Рябец те Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.


Сонымен қатар, Бахыт Сейдіш күміс медаль иеленді. Ал қола жүлдені Айгерим Саттыбаева мен Валентина Хальзова жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: