Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік құрықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 14:47 Сурет: ҚР ІІМ
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек Жолы шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті.

Онда Келли атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жолаушыға белгі бергені хабарланған.

Ақпарат бойынша тексеру жүргізген полицейлер күдік тудырған азаматты тоқтатып, тінту кезінде оның шалбарының оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат тапқан. Алынған зат сараптамаға жолданып, оның гашиш есірткісі екені расталды.

Сондай-ақ ұсталған орта жастағы азаматтың Тәжікстан елінің тұрғыны екені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: