Жаңалықтар тізбегі
0

Дүкеннен 50 мың теңгеге тәттілер ұрлаған екі астаналық ұсталды

Тәтті жұмыртқа ұрлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 17:12 Сурет: pixabay
Полицияға елордалық гипермаркеттердің бірінің өкілі жүгініп, бейтаныс адамдар сауда залынан Kinder Joy шоколад жұмыртқаларын ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Ұрлық сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда күдіктілердің жан-жағына қарап, оларды ешкім бақыламай тұрған сәтті пайдаланып, серіктесінің сөмкесіне тосынсыйлары бар шоколадтарды салып жатқаны көрінеді.

Күдіктілер 50 мың теңгеден астам сомаға шоколад жұмыртқаларын иемденген. Барлық ұрлаған Kinder тосынсыйларын олар сатып жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 22 және 23 жастағы екі жігітті анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жігіттер мойындау көрсетпелерін берді, олардың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдіктілердің бірі Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, жұмыс орнын қараусыз қалдырмауды ескертеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: