Президент Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямованы қабылдады

Самал Еслямова, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 18:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды, делінген Ақорда хабарламасында.

Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өтті.  

Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің  алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.


Самал Еслямова, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 18:03

Сурет: akorda.kz


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: