Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлыбританияның жоғары шенді дипломаты Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда болады

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2023 20:30 Сурет: akorda.kz
Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Лео Докерти Қазақстанға, Қырғызстанға және Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстанда Лео Докерти үкіметтің жоғары лауазымды мүшелерімен, оның ішінде сыртқы істер министрі және Премьер-министрдің орынбасарымен кездеседі, делінген Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің ақпараты бойынша, Алматыда британдық дипломат аса маңызды пайдалы қазбалар, тұрақты технологиялар және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

Сондай-ақ Лео Докерти жүргізіліп жатқан реформаларды талқылау үшін ҚР азаматтық қоғамының өкілдерімен кездесіп, күзде жыл сайын өтетін британ-қазақстан стратегиялық диалогы мәселелерін де қарастырады.

Өзбекстанда ол арадағы қорғаныс және сауда байланыстарын нығайта түсу үшін сыртқы істер және сауда министрліктеріндегі әріптестерімен кездесіп, терроризмге қарсы күрес және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылайды. Ол Ұлыбританияның Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін және Ташкенттің жүргізіп отырған реформаларын қолдайтынын да растау үшін келеді.

ҚР СІМ хабарлағандай, 6 маусымда Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Еуропа мәселелері жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары Лео Докерти жұмыс сапарымен Алматы қаласына келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: