Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл шаруашылығы министрі елімізде көкөніс бағасы не себепті өскенін түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрлігі, көкөніс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 14:31 Сурет: Zakon.kz
Үкімет кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда көкөніс не себепті қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер министрге қырыққабат, сәбіз, пияз, картоп бағасы өскенін айтып, оған не себеп болғанын түсіндіруді сұрады.

"Былтырғы қор маусым айында таусылып, жаңа піскен өнім келеді. Ал ерте піскен көкөністер сәл қымбатырақ. Көкөністер оңтүстіктен және көршілес мемлекеттерден келеді", – деп жауап берді Ербол Қарашөкеев.

Ол Ауыл шаруашылығы министрлігі көкөніс қоймаларын көбейту жоспарын қайта қарап жатқанын айтты.

"Өткен жылы біз 2021-2022 жылдарға арналған жоспарды 110 пайызға артығымен орындадық. Биылғы жылы алға қойған мақсаттарымызды қайта қарап жатырмыз. Сыйымдылығы 100 мың тоннадан асатын көкөніс қоймаларын саламыз. Сонымен қатар субсидиялау ережелеріне өзгерістер енгізіліп жатыр. Егер бұрын көкөніс қоймаларының құрылысының 25%-ы субсидияланған болса, қазір бұл көрсеткішті тоңазытқыш қондырғылары бар болса 40%-ға, газ ортасы бақыланатын болса 50%-ға дейін жеткізіп отырмыз", – деді министр.

Бұған дейін ол Қазақстан күріш, картоп және қант қызылшасының егіс алқабын ұлғайтқанын айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: