Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында бейтаныс ер адам 8 жастағы қызды алдап, қонақүйге апарған

кәмелетке толмаған қыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 01:37 Сурет: kanzori.ru
Алматы облысында бейтаныс ер адам 8 жастағы қызды алдап әкетіп, қонақүйге апарған. Күдікті қызды құшақтап, такси ішінде ерсі әрекетке барған. Мұның бәрін қыз анасына айтып берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіге жүктелген жазбадан бұрын ер адам жол бойындағы қонақүйге тоқтап, бөлме сұраған. Дүкенге барып, алаңдаулы қыздың көңілін де аулай бастаған. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

"Нұр-Әли деген қонақүйге кірдік. Қонақүй қызметкеріне 2000 теңге беріп еді, ол бұл ақша тек 1 сағатқа ғана жетеді деп алмады. Кейін мені таксиде құшақтап, бетімнен сүйді. Маған оның бұл әрекеті ұнамады. Дүкенге тоқтап, маған тәтті сусын мен кәмпит таяқшасын алып берді. Жүргізуші ағайға айтуға қорықтым", - дейді қыз.

Жазғы лагерьге бара жатқан қызды жол бойында такси күтіп тұрған жерден алып кеткен. Оны 36 жастағы күдікті жеткізіп тастаймын деп таксиге отырғызған.

"Қыздың жалтаңдап тұрғанын байқадым. Ақырын қызбен сөйлесіп үйге алып кірдім. Екеуіміз қызға таласып қалдық. Артымнан қалмай жүріп алды", - деді куәгер Күләш Теңелбаева.
"Таңертең сағат 09.00-ге таман шығып кеткен. Содан жүрегім сезді ме, білмеймін, хабарласа бастадым. "Әлі келмеді" деді. "Балалармен ойнап қалған шығар" деп ойладым. Мұндай жағдайды ешкімнің басына тілемеймін. Осындай әрекетке барған адам ең ауыр жазасын алсын", - дейді қыздың анасы Римма Халмұратова.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөліміне тіркелді.

"Жедел іздестіру барысында 1987 жылғы күдікті анықталып, ұсталды. Заңнамаға белгіленген тәртіппен ұсталған адам қамауға алынды", - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.

Күдікті қазір адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатыр. Алайда жәбірленушінің анасы қызын зорлауға оқталған деп қорқады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: