Алматылық таксиші шетелдік азаматты әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған

Алматы, такси, такси құны, шетел азаматы, турист, бағаны негізсіз көтеру, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2023 17:35 Сурет: pixabay
Көліктегі полицейлер шетелдік азаматты Алматы әуежайынан қонақүйге дейін 45 мың теңгеге апарған такси жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz порталының жазуынша, 18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуекомпаниясының Франкфурт – Алматы бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданған. Ол өзін әуежайдан қонақүйге қасақана жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған.

"Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының 45 жастағы тұрғынын, жеке такси жүргізушісін анықтады. Ер адам германиялық азаматқа қоғамдық орындарда тиісіп, арбап, оған такси қызметін ұсынып, Алматы қаласының халықаралық әуежайынан қаладағы Қонаев көшесінде орналасқан қонақүйге апарғаны үшін жоғары төлем алған", – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: