Алматыда такси жүргізушісі шетелдікті әуежайдан қонақүйге 45 мың теңгеге апарған
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Көлік полициясы Италиядан келген қонақты межелі жеріне 45 000 теңгеге жеткізіп тастаған такси жүргізушісін анықтады. Жүргізуші клиентін Алматы әуежайынан Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақүйге дейін апарып тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, такси жүргізушісіне шара қолдануды сұраған. Оның бағаны әдейі көтергені анықталды.
Такси жүргізушісі 48 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Ер адам жол ақысының құны 45 000 теңге болатынын айтып, шетелдікті әдейі адастырған. Полицейлерге хабарласқаннан кейін жүргізуші шығынды өтеп берді.
Құқықбұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі – қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript