Синоптиктер елімізде аптап ыстықтың беті қайтады деді

Ауа райы болжамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 14:32 Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылдың 8-10 маусымында қандай ауа райы күтілетінін айтты. Болжамға сәйкес, республикада аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі, сондай-ақ қатты жаңбыр, бұршақ жаууы және шаңды дауыл күтілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, күндіз өте қатты аптап ыстық 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін сақталады.

"8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С дейін аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 9 маусымда солтүстікте, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 маусымда Қазақстанның оңтүстік-шығысында +41°С, оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық күтіледі. Ал 2023 жылдың маусым айында бүкіл республика бойынша ауа райы қандай болады, мына жерден біле аласыздар.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: