Жаңалықтар тізбегі
0

"АрселорМиттал Теміртау" цехында оқыс оқиға орын алды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 18:45 Сурет: arcelormittal.kz
7 маусымда сағат 16:50-де "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың болат цехында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, №3 домна пешінің үрлеу қондырғысы аймағында жанып жатқан кокс сыртқа лап етіп шыққан.

"Жедел әрекет ету қызметі оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Зардап шеккендер жоқ. Орын алған оқиғаның себептері анықталу үстінде", делінген хабарламада.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, өрт сағат 18.07-де сөндірілді. №3 домна пеші іске қосуға дайындалып жатыр.

2022 жылдың желтоқсанында Премьер-министр Әлихан Смайылов "АрселорМиттал" компаниясының вице-президенті Виджай Гоялмен кездесу өткізді. Сол кезде Қазақстан компанияның қызметін бағалау үшін халықаралық сарапшылар тартылатыны хабарланды. Бағалау кезеңінде АМТ өкілдері өндіріс көлемін, жұмыспен қамту деңгейін және кәсіпорындағы жалақыны сақтауға уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: