Жаңалықтар тізбегі
0

АМТ цехында қаза тапқан жұмысшының әріптестері жазатайым оқиға жайлы айтып берді

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2023 21:00 Сурет: ArcelorMittal
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехында қаза тапқан жұмысшының әріптестері жазатайым оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар "Мартенстрой" ЖШС мердігерлік ұйымының 27 жастағы жұмысшысының қайтыс болғанын нақтылады.

"Сағат 14:10-да электрмен дәнекерлеуші Александр Богатырев 220 вольтты шам қосулы электр ұзартқыш сымын өзімен бірге алып жүрді. Жабдық "Мартенстрой" мердігерлік ұйымына тиесілі. Оның қолғабы мен пимасы су еді. Өйткені жұмыс істеп жүріп, ол едендегі суды басып кеткен. Салдарынан бірнеше жері ашық ұзартқыш сымнан тоқ соқты. Богатырев өмірмен үйлеспейтін жарақат алды", - дейді "АрселорМиттал Темірау" компаниясындағы дереккөз.

Дегенмен марқұмның әріптестері оның өліміне тек өзі кінәлі деп санамайтындарын айтады. Олар шеберхананың еденін су басқанын, ал ол еңбек қауіпсіздігіне қарама-қайшы жағдайдағы цехтың шұрық тесік төбесінен аққанын жеткізді.


"Ауа райы ашық болғанда цех құрғақ болды. Ал ауа райы нашарлап, жауын-шашын болса, барлық саңылаудан су ағып қоя береді. Жұмыс орындауға арналған орынның еңбек жағдайларына, қауіпсіздікке еш сәйкес келмейді. Оларды жұмыс істеуіне мүлдем рұқсат етілмеуі керек еді. Өйткені еденді су басқан, ал су болмаса ештеңе де болмас еді", - дейді марқұмның әріптестері.


Марқұмның артында анасы, әжесі және әпкесі қалды.

"Ол жақсы, ашық, еңбекқор адам еді. Шынында да өте өкінішті жағдай. Ажалы электр ұзартқыш сымынан болды. Бұл бәрімізге сабақ болуы керек", - дейді әріптестері қайғыра отырып.

Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-қа қарасты мердігер ұйымы қызметкерінің опат болу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелгені хабарланған болатын.

Тергеу амалдары қолға алынды.


Ева Гоцкая

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: