Тоқаев шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтты
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасына тиісті көмек көрсетуді тапсырғанын атап өтті.
Қарағанды облысында кеше түнде Ленин атындағы шахтада газ шықты. Апат салдарынан бес жұмысшы қаза тапты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов 3 қарашада бесіншісінің мәйіті табылғанын хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript