Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттен Түркістанға есірткі тасымалдаған әйел 10 жылға сотталды

сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 23:28 Сурет: Zakon.kz
Шымкент полиция департаменті есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қаратау ауданы көшелерінің бірінде есірткі курьерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел уәкілдер әйелден белгісіз зат салынған 40 полиэтилен пакетін тәркіледі. Кейін сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың синтетикалық есірткі екені анықталды.

Тергеу барысында 1969 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны Telegram-каналы арқылы жұмыс іздегені белгілі болды. Нәтижесінде ол интернетте оңай әрі жылдам ақша табуды ұсынған бейтаныс біреумен танысады. Төрт ай бойы ауыл тұрғыны Түркістан қаласына есірткі тасымалдаумен және қойып кетумен айналысқан. Ол Telegram арқылы берілген нұсқауды орындап, жұмыс ақысын электрон түрде алып отырған. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі "Өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" бойынша жүргізілді. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот 54 жастағы әйелді 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: