Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 09:14 Сурет: freepik
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 6 маусымдағы өкімімен "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасына өзгерістер еңгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрықпен 20 дана "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек сауда бағалары мынадай мөлшерде бекітілді:

  • 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.

Қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: