Жаңалықтар тізбегі
0

Көзі көрмейтін қарияға зейнетақысының орнына жалған ақша берген

Әлеуметтік орталықтағы былық: көзі көрмейтін қарияға зейнетақысының орнына жалған ақша берген, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2023 16:24 Сурет: Zakon.kz
Өтірік ақша банкноттарын тапсыру дерегі бойынша полиция қызметкерлері арнайы тексеріс жұмысын жүргізіп жатыр

Осыдан бірнеше ай бұрын ғана қарт кісі асылып өлген Қонаевтағы әлеуметтік орталықтан тағы да шу шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы қызметкерлер көзі көрмейтін қарттың қалтасына 50 мың теңге жалған ақша салып берген. Ал, қария оны ай сайынғы зейнетақым деп жинап отырған көрінеді.

"Қарт кісінің көзі көрмейді, соны пайдаланып жалған ақшаны қолына ұстатады. Болмаса, газеттің қиындысын алдап беріп қояды. Ол оны шын ақша деп жинайды. Қазпоштаның адамдары жүреді, сол ақшаны өздері алады", – дейді қарттар үйінің бұрынғы қызметкері.

Ал ақшаны берді деп атап көрсеткен қызметкермен де тілдесіп көрдік. Алайда аталған орталықтың жұмысшысы бәрі жалған деп отыр.

"Мүмкін біреулерге мен ұнамайтын шығармын, сол себепті маған жала жауып айтқан шығар. Бәлкім, көзі көрмейтінін пайдаланып, біреу менің атымды жамылып, сол жалған ақшаларды берген шығар. Мен бұл жағдайды түсінбедім. Пошта қызметкері зейнетақыларын өзі береді, КБК болады, бес адам боламыз. Бізде бір ғана пошта бар, ол–"Қазақ-Пошта", – дейді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының шаруашылық бикесі Айсұлу Әбдіқалықова.

"Әлі осы айдың зейнетақысын алған жоқпыз. Неге кешіктіріп жатқанын білмеймін. Қолыма 18 мың аламын, қалғанын тұрған орныма, тамағыма ұстап қалады", – дейді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы Арғын Әдибеков.

"Қарттар үйінің қызметін тұтынушы азаматтың зейнетақысының орнына айналымға жатпайтын, өтірік ақша банкноттарын тапсыру дерегі бойынша полиция қызметкерлері арнайы тексеріс жұмысын жүргізіп жатқанын хабарлаймыз", – деді ПД-ның баспасөз хатшысы Ернар Сайділдин.

Ал ескі басшылық кезінде есіміз екеу болды деп шағымын айтқан азаматша, осыдан бірнеше ай бұрын өзіне қол жұмсап қаза болған қарияның қасында бірге тұрған. Сол кезде де арнамызға сұхбат беріп, қысым көргенін айтқан болатын.

"Сергейді табыттан қайта тұрғыза алмаймыз. Алайда қайта үмітіміз оянды. Телеарна келіп зерттеу жүргізген соң, тергеу басталды. Бұрынғы басшылық құрамы толық ауысып кетті", – деді "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы Наталья Хвостова.

Айта кетейік, осы жылдың 25 ақпан күні болған, Қарттар үйіндегі 76 жастағы қарияның қазасына қатысты тергеу әлі аяқталмады дейді полиция өкілдері. Сондықтан бұған қатысты ақпарат жарияланбайды деп отыр. Ал жалған ақша беріп, жарамсыз банкноттарды таратқан қызметкер анықталса сотталуы әбден мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: