Абай облысындағы алапат өрт: Тоқаев Вьетнамға сапарын кейінге шегерді
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігі
Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент шұғыл кеңес өткізу және апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету шараларын қабылдау үшін Абай облысына баруды жоспарлап отыр.
ТЖМ-ның кейінгі мәліметтері бойынша, алапат өрт кезінде орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11-і әлі іздестіріліп жатыр.
Алапат өртке байланысты Президент ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильинге Абай облысына шұғыл жетуін, табиғи апатқа қарсы күрес бойынша жұмысты басшылыққа алуын тапсырды.
Ал Үкімет пен аймақ әкімдігіне қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript