Жаңалықтар тізбегі
0

Смайылов: Бердібек Машбекұлы - Қазақстанның қазіргі тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі

Бердібек Сапарбаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2023 16:09 Сурет: Telegram/prokadrykz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысы бүгін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаев халқының сүйікті перзенті, еліміздегі ең маңызды тарихи оқиғалардың басы-қасында жүрген бірегей саясаткер екенін айтты.

"Бердібек Машбекұлы Қазақстанның қазіргі тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, алты Алашқа адал қызмет еткен үлкен жүректі ел ағасы болды десек артық айтқандық емес. Ол еңбек жолының ең күрделі кезеңдерін егемендіктің елең-алаңында, яғни 90 жылдары өткеріп, бес өңірдің әкімі лауазымын абыроймен атқарды, екі рет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Премьер-министрдің орынбасары болып қызмет етті. Бердібек Машбекұлының жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы сөз соңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жеке өз атынан марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты. 


"Бұл – біз үшін орны толмас, өте ауыр қайғы. Марқұмның топырағы торқа, иманы саламат болсын!", - деді ол.

Бердібек Сапарбаевтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев та көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: