Президент Балташ Тұрсымбаевтың дүниеден озуына байланысты көңіл білдірді
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Балташ Молдабайұлы ұзақ жылдар бойы еңбек жасап, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қоғамымыздың дамуына бар күш-жігерін арнады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.
Алматыда 76 жастағы Балташ Тұрсынбаев 2022 жылдың 14 тамызында өмірден озды. Дәрігерлер мемлекеттік қайраткердің жүрек ұстамасынан кейін қайтыс болғанын растады.
Балташ Тұрсымбаев 1946 жылы Ресейдің Омбы облысына қарасты Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген.
Қызметіндегі әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Ауылшаруашылығы министрі болған.
Сонымен қатар қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елшілікте де еңбек еткен.
Бірінші сыныпты төтенше және өкілетті елші болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript