Мәскеуден Ақтауға бағыт алған жолаушылар ұшағы басқа әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2023 19:21 Сурет: Zakon.kz
Мәскеуден Ақтауға бағыт алған Sukhoi Superjet жолаушылар ұшағы Самара әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, ұшақ бортында штаттан тыс жағдай орын алған. 

"Шереметьево – Ақтау бағыты бойынша көкке көтерілген ұшақ Самарадағы Курумоч әуежайына шұғыл қонды", – деді агенттіктің дерек көзі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ бортында штаттан тыс жағдай орын алған.

Әуежайдың баспасөз қызметі жолаушылар қазір әуежай ғимаратына орналастырылғанын, олармен әуе компанияның өкілдері жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ресейдің шұғыл әрекет ету қызметі "Интерфакс" агенттігі Superjet 100 ұшағы апаттық белгі беріп, жақын маңдағы әуежайға қонуға рұқсат сұраған. Самара әуежайы ұшақты төтенше жағдайда қабыл алуға дереу даярланып, ондағы қызметтер дабыл белгісімен аяғынан тік тұрғызылған. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: