Мәскеуден Өзбекстанға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтөбеге қонуға мәжбүр болды
Сурет: pixabay
2023 жылы 5 желтоқсанда Мәскеуден Термезге ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі ұшақтағы жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәскеуден өзбек қаласы - Термезге бағыт алған ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды. Себебі жолаушылардың бірінің денсаулығы аяқ-асты нашарлаған.
"Мәскеу – Термез бағытына қатынайтын "Uzbekistan Airways" әуе компаниясының HY9610 жолаушылар рейсі жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлауына байланысты Ақтөбе халықаралық әуежайының (Қазақстан) қосалқы әуе айлағына қонды", делінген әуе компанияның хабарламасында.
Экипаж науқасқа жедел жәрдем көлігін шақырды. Бұл туралы "Uzbekistan Airports" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript