Жаңалықтар тізбегі
0

Токиодан Цюрихке ұшып шыққан ұшақ Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды

Астана әуежайы Токиодан келе жатқан ұшақтың шұғыл қонуына байланысты жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2024 17:53 Сурет: Астана халықаралық әуежайы
Токиодан Цюрихке ұшып шыққан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00-де Boeing 777-300ER (борт нөмірі HBJNI) ұшағымен Токиодан Цюрихке ұшқан Swissair SWR161 рейсі Астана әуежайына шұғыл қонды. Экипаж 50 жастағы жолаушының инсульт алды деген күдікке байланысты қонуға шешім қабылдады", - деп хабарлады Астана әуежайы.

Сағат 16:00-де ұшақ жолаққа сәтті қонғаннан кейін, ұшу-қону жолындағы бұрылыс кезінде экипаж қателігінен ұшақ жолақтан сырғып кеткен.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Осыған байланысты сағат 16:03-те апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін дабылды ескерту жарияланды.

Астана әуежайы Токиодан келе жатқан ұшақтың шұғыл қонуына байланысты жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2024 17:53

Сурет: Астана халықаралық әуежайы

Астана әуежайы барлық рейс үшін екі сағатқа жабылды. Осының салдарынан тұрақты рейстер де кешігеді.

Астана әуежайы Токиодан келе жатқан ұшақтың шұғыл қонуына байланысты жабылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2024 17:53

Сурет: Астана халықаралық әуежайы

"Біз жолаушыларымыздан келеңсіз жағдай үшін кешірім сұраймыз және кідірістерді азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жағдай біздің бақылауда. Жаңа ақпарат пайда болысымен бөлісеміз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!" Астана халықаралық әуежайы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: