Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2023 22:12 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда нидерландылықтар Робин Хасе - Таллон Грикспурмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағатқа созылған матчта Недовесов пен Эскобар 9 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Александр Недовесов - Гонсало Эскобар финалға шығу үшін аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен таласады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: