Франциядағы АТР турнирі: Александр Бублик жартылай финалға өтті

АТР 250 турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2022 13:20 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 31-інші, осы жарыстың 4-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездесті. Бірінші партияда Бублик 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық спортшы дегеніне жетті – 6:4, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Александр финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 284-орында тұрған, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кездеседі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: