Пара алды деген күдікпен Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды
Сурет: gov.kz
15 маусым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.С. Қалияқбаровты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәлімет бойынша, ол жолдарды жөндеуге қатысты мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деп күдіктенеді.
"Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Ведомство ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript