Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада қатты жел салдарынан құлаған кран екіншісін де іліп кетті

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2023 20:27 Сурет: Instagram/astana_brothers
2023 жылы 18 маусымда шамамен сағат 19:50-де Астана қаласында Қ. Мұхамедханов көшесі, Е10, Е51,Е305 (жобалық атаулар) қиылысы мекенжайында орналасқан "GreenLine. Asyl Mura тұрғын үй кешені" құрылыс алаңында қатты жел салдарынан бір кран екіншісіне құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі жұмыс істемей тұрған КБ - 401 мұнара краны жанында тұрған КБ-503 мұнара кранына құлағанын (INVEST City ЖШС крандарының иесі) нақтылайды.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.


"Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің инспекторлары оқиға орнына жұмыс істеп жатыр", делінген хабарламада.

Дегенмен суреттен құлаған крандардың ғимарат қабырғасын опырып жібергенін көруге болады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: