Рыбакина ресейлік теннисшіні ұтып, турнирдің екінші айналымына өтті

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 20:09 Сурет: Instagram/lenarybakina
Әлемнің үшінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина Берлинде (Германия) WTA-500 турнирінің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рыбакина бірінші айналымда ресейлік теннисші Полина Кудерметованы жеңді (WTA рейтингінде 139-орындағы).


Екі сеттегі ойынның жалпы ұпайы: 6:4, 6: 2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Елена Рыбакина 9 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Бұрын қос қарсылас кездесіп көрмеген екен. 

Бұған дейін әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы өзінің мансабын аяқтайтынын жариялағаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: