Шығыс Қазақстан облысындағы барлық өрт сөндірілді

ШҚО, өрт, Приморское орман шаруашылығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.06.2023 13:56 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
28 маусым күні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ШҚО Ұлан ауданы Приморск орманшылығындағы және Глубокое ауданындағы Комсомол орманшылығындағы өрт сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі аудандағы орман шаруашылығында құрғақ шөп өртенген.

Ведомство өрт өрт сөндірушілердің, орманшылардың және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен сөндірілгенін мәлімдеді.

Ұлан ауданындағы өрт 2023 жылғы 26 маусымыда басталып, 5 га аумақты шарпыған, ал Өскемен қаласының шетіндегі өрттің аумағы 14 гектардан асқан.

Приморск орман шаруашылығының аумағындағы өрт кеше түстен кейін оқшауланды. Таулы, жартасты жерлер болуына байланысты бұл аумақта өрт сөндіру оңай болмаған.

Комсомол орманшылығында құрғақ шөп өрті 27 маусым күні сағат 18.30-да оқшауланды. Өртті сөндіруге ШҚО төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығынан 74 адам, 14 бірлік техника, МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: