Зеленский Украина шенеуніктері мен әскерилерін ағылшын тілін үйренуге міндеттегелі жатыр
Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілеттігі
Украина президенті Владимир Зеленский парламентке ағылшын тілінің мәртебесін Украинадағы халықаралық қатынас тілдерінің бірі ретінде ресімдеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Украина парламентінің сайтында жарияланған құжатта: Ағылшын тілі Украинада халықаралық қатынас тілдері қатарына жатады", – деп жазылған.
Ел президенті заң жобасын өзекті деп атап өтті.
Украина президенті ұсынған заң жобасына сәйкес, ағылшын тілін білу міндеті барлық мемлекеттік қызметкерлерге, жергілікті әкімшіліктердің басшылары мен олардың орынбасарларына, Украина Қарулы күштерінің, Ұлттық полицияның барлық офицерлеріне және т.б. құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет, прокуратура, салық және кеден органдарының қызметкерлеріне, экономиканың мемлекеттік секторының топ-менеджерлеріне жүктеледі.
Украинада ағылшын тілін үйретуді балабақшадан бастау жоспарланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript