Зеленский Украина әскерін 100 мың адамға арттырады
Украина басшысы кеңсесінің хабарлауынша, Украина Қорғаныс күштері құрамында қосымша 20 бригада құрылады.
Құжат әскери қызметшілердің жалақысын арттыруды және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуды көздейді. Армияны кәсіби негізге көшіру және келісімшарт негізінде әскери қызметшілердің қызмет мерзімін ұлғайту жайы да жоспарланып отыр.
Бұл жарлық соғыс болғалы жатқандықтан емес, қайталап айтамын, бұл жарлық жақын арада және алда да бейбітшілік болуы үшін, Украинада бейбітшілік орнауы үшін керек. Украина Президенті Владимир Зеленский
Соңғы кездері Киев пен батыс елдері Ресейді Украина аумағына "баса-көктеп кіруге" дайындалып жатыр деп айыптады. Мәскеу бұл айыпты жоққа шығарып, Ресейдің ондай жоспарлары жоқ екенін айтады. Соған қарамастан Украина АҚШ пен Батыс серіктестерінен әскери көмек алуда, ал АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық одақ Ресей Федерациясына қатысты жаңа санкциялар дайындап жатыр, олар Ресей тарапынан қандай да бір "агрессивті әрекеттер" болған жағдайда, оны қолдануға уәде береді.