Зеленский АҚШ-тағы Украина елшісін тағайындады
Сурет: Facebook/olga.kravets.796
2025 жылғы 27 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы жаңа елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қызметке Ольга Стефанишина тағайындалды. Бұған дейін ол Украина вице-премьері және әділет министрі қызметтерін атқарған. Құжат мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.
Зеленскийдің айтуынша, ол Стефанишинамен әңгімелесу барысында елшіліктің жұмысын жаңғырту және АҚШ президенті Дональд Трамппен жасалған барлық келісімдерді жүзеге асыру міндеттерін айқындаған. Әсіресе, қорғаныс саласындағы келісімдерге басымдық берілмек. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.
"Украинаның қауіпсіздігін ұзақ мерзімді қамтамасыз ету көбіне АҚШ-пен қарым-қатынасқа байланысты", – деп атап өтті Зеленский.
Сондай-ақ, Зеленский 2021 жылдан бері АҚШ-та елші қызметін атқарған Оксана Маркароваға алғысын білдірді.
Бұған дейін Украинаның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript