Жаңалықтар тізбегі
0

Ирактағы Швеция елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген адамға қарсы наразалық шеруі өтті

Құранды өртеу акциясы, Құран, Швеция, Ирак, наразылық шеруі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 23:25 Сурет: pixabay
Стокгольмде мұсылмандардың қасиетті кітабы өртелгеніне байланысты Бағдадта наразылық шеруі өтіп, оған жүзден астам адам қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше ондаған ашулы демонстрант дипломатиялық миссияны басып кіруге талпынғанымен, құқық қорғау күштері келгеннен кейін тарап кетті, деп жазды Shafaq News.

Кей адамдар шеруге Құранның көшірмесін, Муктада ас-Садр мен басқа да дін жетекшілерінің портреттерін, оның қозғалысының туын ұстап шыққан. Жиналған жұрт қасиетті кітапты қорлауға болмайтынын айтып, ұрандатты.

Балысымның жазуынша, шерушілер Бағдадтың орталығындағы Салхия ауданындағы Швеция елшілігінің қақпасын бұзып, елшілік ауласына кірген. Полиция келгеннен кейін наразылық білдірушілер миссия аумағынан шыққан, тұтқындалғандар жөнінде ақпарат жоқ.

Құрбан айттың бірінші күні Ирактан шыққан Салван Момик есімді жігіт қасиетті кітаптың парақтарын жұлып алып, үстіне шошқа етінен жасалған бекон қойып, өртеп жіберген. Стокгольм полициясы осы акцияны өткізуге рұқсат берген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: