Иракта мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге шықты
Сурет: pixabay
Ирак астанасы Бағдадта мыңдаған адам шеруге шықты. Олар шииттік діни уағызшы Мұқтада ас-Садр жақтастарының парламент ғимаратын басып алуына наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Садрдың қолдаушылары 10 айдан бері үкіметтің құрылмауына қарсылық білдіріп заң шығару органына басып кірген, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
Алайда, ираншыл содырлар мен өзге де оппозициялық партиялар азаматтық институттарды қорғаймыз деп Садрдың жақтастарына қарсы демонстрация өткізіп жатыр.
Шерулерді тарату үшін жергілікті полиция су шашатын машиналарды қолданды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript