Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде 37-орынды иектеді

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілет рейтиңінде 37-орында, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 16:07 Сурет: Zakon.kz
20 маусымда Халықаралық менеджментті дамыту институтының Жаһандық бәсекеге қабілетті зерттеу орталығы (IMD, Швейцария) 2023 жылғы Дүниежүзілік бәсекеге қабілет рейтиңінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

IMD рейтингі мына факторларды бағалайтын кешенді зерттеудің нәтижесі: «Экономикалық белсенділік», «Мемлекеттік тиімділік», «Бизнестің тиімділігі» және «Инфрақұрылым».

2023 жылы зерттеу әлемнің 64 елін бағалады. Осы жолы Кувейт алғаш рет қосылды. Тізімді Дания бастап тұр. Даниядан кейін алғашқы бестікке Ирландия, Швейцария, Сингапур және Нидерланды кіреді.

2023 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда алты ұпай жоғары, 66,11 ұпаймен 37-орынға шықты.

Қазақстан Кувейт (38-орын), Португалия (39-орын) және Үндістан (40-орын) сияқты елдерден алда.

Биыл еліміздің барлық фактор контекстіндегі жағдайының жақсаруы байқалып, тек «Инфрақұрылым» факторында ғана нашарлау нәтиже көрсетті (46-орыннан 47-орынға төмендеді).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: